Петропавлда балалар үйінің тәрбиеленушілеріне ҚХА сыйлығы тапсырылды (ФОТО)

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда облыстық жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың мектеп-интернатында республикалық «Асар» әлеуметтік ынтымақтастық акциясы өтті.
None
None

Кездесу ҚХА жылын мерекелеуге орайластырылды.

СҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени орталықтарының өкілдері тәрбиеленушілерге тәтті сыйлықтар тарту етті, ақшалай сыйлықтар тапсырды.

«Республикалық «Асар» әлеуметтік ынтымақтастық акциясы ауқымында біз интернатқа қонаққа келдік. Біз 5 үздік тәрбиеленушіге ақшалай сыйлықтар тапсырамыз - бұл ай сайынғы стипендия. Біз 5 жылдан бері ай сайын оқуда, спорт жетістіктерінде, қоғамдық өмірде үздік шыққандарға осындай стипендиялар тапсырып жүрміз. Біз үшін бастысы, тәрбиеленушілердің бұл өмірде белсенді болғаны», - деді сұхбатында «Дуслык» татар-башқұрт мәдени орталығының төрағасы Әмір Баязитов.

Шара соңында облыстың этномәдени бірлестіктері интернат тәрбиеленушілері үшін дастарқан жайды. Мерекелік концерт қойылды.

Облыстық мектеп-интернатта бүгінгі таңда 6 жастан 18 жасқа дейінгі 130 солтүстікқазақстандық бала тәрбиеленуде.

Соңғы жаңалықтар