Петропавлда дүкен сатушысы бауыздап өлтірілді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда 24 жастағы ер адам дүкендердің бірінің сатушысына қарақшылық шабуыл жасады. Қылмыскер 27 жастағы әйелді бауыздап, 100 мың теңгені ұрлап әкетті, деп хабарлады СҚО ІІД-нің баспасөз қызметінен.
None
None

«Петропавлда 27 желтоқсанға қараған түні жасалған адам өлтіру фактісі бойынша қалалық ІІБ-нің тергеушілері ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлімімен сот алдындағы тергеу амалдарын бастады. Жәбірленуші алған дене жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Қылмыскер жедел-іздеу шаралары кешенінің арқасында ізі суымай ұсталды», - деп мәлімдеді СҚО ІІД баспасөз қызметінің қызметкері Динара Сағындықова.

Күдікті 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар