Петропавлда дүкенге жарылғыш зат «қойған» әйел ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Петропавл қаласындағы сауда дүкендерінің бірінде жарылғыш заттың барын айтып, жалған хабарлама таратқан әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Петропавлда дүкенге жарылғыш зат «қойған» әйел ұсталды

Департамент баспасөз қызметінің хабарлауынша, жексенбі күні сағат 10:00-дер шамасында «102» нөміріне «Сокол» дүкенінде жарылғыш заттың қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына бірден шүғыл қызмет өкілдері келіп, 20 адам қауіпсіз жерге көшірілген.

«Тексеру жұмыстары барысында жарылғыш зат та, өзге де күдікті зат табылған жоқ. Көп кешікпей, жалған хабарлама бергені үшін облыс орталығында тұратын әйел күдікті ретінде ұсталды. Аталған іс бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Күдіктінің айыбы сотта дәлелденген жағдайда оған 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы ықтимал.


фото:fedpress.ru