Петропавлда екі жыл бұрын құлаған мұржаның орнына жаңасы тұрғызылды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Петропавл 2-ЖЭО-да  №1 түтін мұржасы діңінің  құрылысы аяқталды. Бұл бұл стансаның экологиялық және технологиялық көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді.    

Петропавл
Фото: Севказэнерго АҚ

Биыл мамыр айында «КазтеплоСПЕЦСТРОЙ» ЖШС мердігерлік ұйымымен шарт жасалған. Құрылыс конустық сырғымалы қалыптарды қолдану арқылы жүргізілді. Әзірлеуші және жеткізушісі – Австрияның «GLEITBAU G.M.B.H.» қосалқы мердігер ұйымы. Үздіксіз құрылысты қамтамасыз ету үшін 92 қызметкер жұмылдырылды. 

Петропавл
Фото: Севказэнерго АҚ

Жаңа түтін мұржасы конустық пішінде. Оның диаметрі –20,52 метр, жоғарғы жағы – 9,2 метр, негізіндегі мұржаның қалыңдығы – 800 мм, жоғары жағы – 250 мм. Конструкцияның биіктігі – 180 метр. Бұл 2-ЖЭО жұмыс істеп тұрған №2 және №3 мұржалардан 30 метрге артық. Діңді тұрғызу үшін 3 300,6 м^3 ауыр бетон және 1 217,1 м^3 жеңіл бетон, 530 тонна әртүрлі диаметрдегі арматура пайдаланылды.

«5 тамызда түтін мұржасының діңі құйылды, бекітілген жоба бойынша 15 қарашада аяқтау жоспарланды. Бірақ 73 күнде, бір ай ерте бітірдік. Біз әлі де көп жұмыс атқаруымыз керек. Қалыптарды бөлшектегеннен кейін қорғаныс қалпақшасы, жүретін баспалдақ, бағдаршам алаңшалары, қылтималар, сыртқы жарықтандыру, найзағайдан қорғау орнатылады», - дейді «СЕВҚАЗЭНЕРГО» АҚ бас директоры Анатолий Казановский.

2025 жылы күл жиналатын үй-жайды орнату бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. 

Петропавл
Фото: Севказэнерго АҚ

«Қазандық агрегаттарынан газ жүру жолын келтіру керек. Барлық жұмыс аяқталған соң жаңа түтін мұржасына қолда бар 12-інен стансаның 7 қазандық агрегаты қосылатын болады. Сонымен қатар 2025 жылдың қыркүйек айына дейін № 1, 2, 3, 4, 5, 6 қазандық агрегаты қосылады. 2026 жылы жаңа түтін мұржасына №7 қазандық ауыстырылады, ал №12 қазандық №3 түтін мұржасына қосылады. Осылайша, қазіргі таңда №2 түтін мұржасында жұмыс істейтін барлық қазандық агрегаттары екі мұржаға ауыстырылады. Осы жұмыстарды аяқтап, 2026 жылы №2 түтін мұржасын бөлшектеуді жоспарлаймыз», - деп Анатолий Казановский жоспарларымен бөлісті.

Жаңа мұржаның шығарулары мен техникалық параметрлерін бақылауды қамтамасыз ету үшін онда автоматтандырылған мониторинг жүйесі орнатылады. №1 түтін мұржасы келесі жылдың қазан айының басында пайдалануға беріледі. 

Петропавл
Фото: Севказэнерго АҚ
Соңғы жаңалықтар