Петропавлда екі 9 қабатты үйді пайдалануға береді (ФОТО)

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда 2016 жылы екі тоғыз қабатты үй пайдалануға беріледі. Юбилейная-Семашко көшелерінің бойындағы ипотекалық үйлерді «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салып жатыр. Екі үйдің сметалық құны - 1 млрд 325 млн теңге. Тапсырыс беруші елордалық «Бәйтерек Девелопмент» компаниясы.
None
None

«Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ қала әкімшілігімен бірлесіп үйді берумен айналысады. Мемлекеттік қабылдау комиссиясы үйлерді қабылдайды», - деді «Бәйтерек Девелопмент» АҚ өкілі Марат Мұқашев.

Ипотекалық үйлердің құрылысы өткен жылдың жазында басталды. Астана және Өскеменнің мердігер компаниялары жұмыс істеуде. 72 пәтерлі тоғыз қабатты үйді елордалық «ДорСтройТрест» фирмасы салып жатыр. Нысанда 50 адам жұмыс істеуде, 6 арнайы техника тартылды. 126 пәтерлі тоғыз қабатты үйдің құрылысы қызып тұр. Мердігер - «Руслан - Сервис ЛТД" ЖШС. Компания жұмыстың 70 пайызын атқарды. Нысанды осы жылдың жазында қолданысқа беруді көздеп отыр.

Жалпы, биыл Петропавлда жалпы аумағы 80 мың шаршы метрді құрайтын мыңнан астам пәтер салу жоспарланған.




Соңғы жаңалықтар