Петропавлда екі балада коронавирус инфекциясы анықталды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда қауіпті індетті жұқтырғандардың бесеуі науқастармен бұған дейін байланыста болғандар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шұғыл штабтың мәліметінше, ПТР диагностикалық зерттеулердің нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы 1981, 1960 жылдары туған әйелдерде, 1985, 1986, 1958 жылдары туған ер адамдарда және 14 жасқа дейінгі 2 балада расталды.
Барлық науқастар Петропавл қаласының тұрғындары. Бес адам зертханалық сынаманы бұрын тіркелген коронавирус сырқаттармен байланыста болғандықтан тапсырды. Тағы екеуі ауырып, денсаулығына шағымданып медициналық мекемеге жүгінген. Барлығы Петропавл қалалық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды.
Олар қазір тиісті ем алып жатыр. Мамандардың айтуынша, ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
Жалпы 9 маусымдағы жағдай бойынша СҚО-да коронавирус инфекциясымен 72 адам тіркелген, олардың 48-і емделіп шықты.
Еске сала кетсек, Петропавлдағы балабақша тәрбиеленушісінде коронавирус инфекциясы анықталып, мектепке дейінгі білім беру мекемесінің карантинге жабылған еді.