Петропавлда елді мекендердің тарихи атауларын қалпына келтіру мәселесі қаралады

АСТАНА. 9 қазан. ҚазАқпарат - Ертең, 10 қазан күні Петропавл қаласында облыстық мәслихатта Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті «Өңірлердегі ономастика мәселелері: елді мекендердің дәстүрлі тарихи атаулары» атты республикалық дөңгелек үстелін өткізеді.
None
None

Аталған министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, дөңгелек үстелге белгілі ғалымдар, республика, облыс, қалалық ономастика комиссияларының мүшелері, облыстардағы тіл басқармаларының басшылары, ономаст мамандар, өңірлік ономаст-ғалымдар, сарапшылар, жергілікті атқарушы билік өкілдері қатысады.

Жиын Тіл комитеті төрағасының орынбасары, ф.ғ.д., Шерубай Құрманбайұлының төрағалығымен өтеді.    

Сонымен қатар, облыстардың,  Астана мен Алматы қалалары тіл басқармалары бастықтарының, ономастика бөлімдері басшыларының баяндамалары тыңдалады. Сондай-ақ, іс-шараға келген басқа да қауым өкілдерінің, облыстардың, Астана мен Алматы қалалары тіл басқармалары мамандарының пікірлері назарға алынады.

Осыған орай, өңірлердегі әкімшілік-аумақтық бірліктер атауларының ағымдық ахуалын нақты жағдайда зерделеу мақсатында күн тәртібінде  елді мекендердің тарихи атауларын қалпына келтіру мәселесін шешудің жолдары қарастырылып, ел аумағындағы атаулардың, әсіресе айтарлықтай көп өзгеріске ұшыраған солтүстік  аймақтағы облыстардың атауларының  жай-күйі талқыланатын болады.

Соңғы жаңалықтар