Петропавлда кәмелеттік жасқа толмаған қыздарды ұрлап, сатумен айналысқан әйелдерге сот үкімі шығарылды

Қоғам арасында дүбір тудырған қылмыстық іс жабық режімде өтті. Қылмыстық істің негізін құрайтын оқиғалар 2008 жылы және Ақмола облысының аумағында болғанымен, зардап шеккендер мен қылмыскерлер СҚО-ның ауылдық аудандарында тұратын адамдар болып табылады.
Қылмыстың ұйымдастырушысы Зоя Д. есімді азаматша, ол қыздарды үйлерінен қалай алып шығу керек екенін және оларды тәнін сатуға қалай итеру керектігін ойлап тапқан. Бұл қылмысты жасауға оған Татьяна Б. есімді әпкесі мен Мария З. есімді кәмелеттік жасқа толмаған бойжеткендер көмектессе керек.
Істің материалы бойынша, бұл әйелдер жасөспірім қыздарды басқа облыстарға алып кетіп, оларды қорқыту арқылы жезөкшелікпен айналысуға, қонақ үйлер мен моншаларда тәнін сатуға итермелеген. Ал қыздарға төленген ақшаларды қылмыс ұйымдастырушысы өз қалтасына басып отырған.
Сот өкімімен ол, яғни қылмыстың ұйымдастырушы Зоя Д-ның мүлкі тәркіленіп, 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның әпкесі 11 жылға түрмеге жабылса, ал қылмысқа қатысқан үшінші адам баласы 14 жасқа толғаннан кейін 4,5 жыл абақтыда отыратын болды.