Петропавлда қарттарды алдап ақшасын алып келген алаяқ әйел ұсталды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда медициналық маска киген әйел егде жастағылардың үйіне барып, олардың жиған-терген ақшаларын қолды етіп отырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавлда қарттарды алдап ақшасын алып келген алаяқ әйел ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, соңғы уақытта тәртіп сақшыларына егде жастағы

қала тұрғындарынан алаяқтыққа қатысты арыздар көптеп түсе бастаған. Маска киген 43 жастағы әйел есік ашқан қарттарға өзін медицина қызметкері ретінде таныстырған. Профилактикалық тексеріс жүргізіп жүргенін айтқан.

Әңгіме барысында жалған дәрігер зейнеткерлерге сенімді түрде ақшаның жақында өзгеретіндігі туралы хабарлайды. Қарттар үшін бұл күтпеген жаңалық болып, әйелге барлық жиған-тергендерін ұстататын болған. Алаяқ үй иелерін ванна бөлмесінде анализдерін дайындауға көндіріп, өзі сол уақытта барлық ақшаны алып, пәтерден тайып тұрады.

Петропавл полицейлері оны осындай қылмыс үстінде ұстады. Алаяқ әйелді кезекті қулығын іске асырып, аңғал екі зейнеткерді алдап, мол сомамен автобуспен келе жатқанда қолға түсірді.

Күдікті әйел бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында ұқсас қылмыстар жасағаны үшін сотты болған.

Петропавл қалалық криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары Ерболат Қаптаевтың сөзінше, аталған факті «Аса ірі көлемде жасалған ұрлық» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Енді тәртіп сақшыларына алаяқ әйелге егде жастағыларды көрсеткендер, аулалар мен подъездерге еш қиындықсыз кіруіне көмектескедерді анықтау қажет.