Петропавлда қазақша күрестен Е. Бекмурзиннің 60 жылдығына арналған турнир ашылды

ПЕТРОПАВЛ. 16 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Петропавлда спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта қазақша күрестен турнир ашылды.
None
None

Ол спорт ардагері, Петропавл ұлттық спорт түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Есләмбек Бекмурзиннің 60 жылдығына арналып отыр. Жарыстарға Қазақстанның 8 облысынан командалар қатысуда.

Құрметті қонақтардың арасында: «Қазақ күресі» Дүниежүзілік ұйымының президенті С. Төкеев, «Қазақстан барысы» республикалық турнирдің жеңімпазы Б. Ыстыбаев, ҚР спорт және дене шынықтыру істері агенттігі ұлттық спорт түрлері басқармасының басшысы М. Қойшыбаев, «Қазақ күресі» Халықаралық федерациясы атқарушы комитетінің мүшесі М. Шәмшінұров, мемлекеттік жаттықтырушы М. Жақытов және т.б. бар.

Турнир 5 салмақ дәрежесінде, сондай-ақ абсолютті салмақ дәрежесінде өтетін болады. Абсолютті салмақ дәрежесінде жеңімпазға көлік табысталатын болады.

Соңғы жаңалықтар