Петропавлда Қазақстан мен Ресей жоғары оқу орындарының екікүндік форумы жұмысын бастады

АСТАНА. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат – Бүгін М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің базасында ҚР Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекаралас облыстары жоғары оқу орындарының халықаралық ғылыми-білім беру форумы ашылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Оның жұмысына ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләлов, 15 қазақстандық және 13 ресейлік шекаралас облыстар жоғары оқу орындарының басшылары қатысуда.Баспасөз қызметінде түсіндіріп айтқанындай, форумның мақсаты ? екі ел шекаралас облыстары жоғары оқу орындарының арасында ынтымақтастықты дамыту, ынтымақтастық мүмкіндіктерін және перспективаларын көрсету болып табылады. Бұл шараның өткізілуі тең жағдайда, өзара түсіністік және өзара сыйластық ұстанымдары негізінде екі мемлекет жоғары оқу орындары арасындағы сындарлы ұзақ мерзімді әріптестік қатынастар кеңейіп, дами түсетінін айғақтайды.«Біздің елдеріміз арасындағы, оның ішіндегі білім беру мен ғылым салаларындағы қатынастар қарқынды дамуда. Бұл шекаралас мемлекеттер үшін айрықша маңызды. Бүгінгі күні ҚР аумағында бес ресейлік жоғары оқу орыны жұмыс істейді. Республика жетекші педагогтарының ресейлік тараппен тәжірибе алмасу бойынша дәстүрлі байланыстары бар. Мысалы, Ақтөбе қаласындағы орта мектептің мұғалімі Орынбор университетімен байланыс орнатқан, Астана қаласының, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының педагогтары Омбы, Санкт-Петербор қалаларындағы біліктілікті арттыру курстарының базаларында даярлықтан өтеді», ? деді құттықтау сөзінде ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев.Форумның екі күндік жұмысы барысында Қазақстан мен Ресейдің жоғары оқу орындары арасында білім беру, ғылым мен мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылады, сондай-ақ екі елдің жоғары оқу орындары арасында 45 екіжақты келісімдер жасалады. Форум ауқымында қазақстандық және ресейлік жоғары оқу орындары жетістіктерінің көрмесі ашылды.
Соңғы жаңалықтар