19:19, 27 Қараша 2015 | GMT +5
Петропавлда Қазақстан мен Ресейдің жеңіл атлеттері жиналды (ФОТО)
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлдың Спорт сарайында Тұңғыш Президент күніне арналған жеңіл атлетикадан халықаралық жарыстар өтіп жатыр.

«Жарысқа Қарағанды, Көкшетау, Омбы қалаларының және біздің облысымыздың аудандарынан спортшылар келді. Қатысушылар 3-19 жас аралығында. Жарысқа шамамен 100 спортшы қатысып жатыр. Олардың арасында Қазақстан чемпиондары, республика құрамасының мүшелері бар. Жарыс деңгейі жоғары. Бағдарламада кедергілер және оларсыз 50 және 100 метрге жүгіру бар», - деп ақпараттандырды Солтүстік Қазақстан облысындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстық резервтегі денешынықтыру мектебінің директоры Александр Мицых.
Жарыс жеңімпаздарының есімдері 28 қарашада белгілі болады.