Петропавлда «Қазетөнімдері» кәсіпорнында айына 60 тонна шұжық өнімдері шығарылады

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда "Қазетөнімдері" кәсіпорнында айына 60 тонна шұжық өнімдері шығарылады.
None
None

Шұжық өнімдері мен ет жеңсік тағамдарының 100-ге тарта өнімдері дайындалады. Шикізатты солтүстікқазақстандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен сатып алады. Бұл туралы "Қазетөнімдері" ЖШС директоры Аркадий Вознюк мәлім етті.

"Ай сайын 60 тонна шұжық өнімдерін шығарамыз. Бізде шұжықтар мен жеңсік тағамдардың жүзге тарта түрлері бар. Жыл сайын біз өнімдер түрін 10 пайызға ұлғайтып, жаңа рецептілер әзірлеп, өндіріске енгізіп отырмыз. Бұл біздің басқа өндірушілермен ойдағыдай бәсекелесуімізге мүмкіндік береді. Өткен жылы миллиард теңгенің өнімдерін шығардық. Әрине, негізінен өзіміздің жергілікті сатып алушыға бағдар ұстап отырмыз. Бедел жинап, біздің өнімдерімізге сатып алушылардың ынтасын туғызу- ең күрделі міндет, дегенмен біз бұл істі ойдағыдай атқарып келеміз",- деді Аркадий Вознюк.

Биылғы жылы кәсіпорында тұшпара шығара бастады.

Кәсіпорын Солтүстік Қазақстанның тауар өндірушілер нарығында 10 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеуде.

Соңғы жаңалықтар