Петропавлда көктайғақтан 500-ге жуық адам ауруханаға түскен

АСТАНА. ҚазАқпарат - Петропавл қаласында тұрғындардың көктайғақта құлап мертігу жағдайы жиілеп кетті, деп жазады «Хабар 24».
None
None

Тек бір аптаның ішінде ауруханаға түрлі жарақатпен 500-ге жуық адам түскен. Оның 150-і - бала.

Қазір коммуналдық сала мамандары дамылсыз жұмыс істеп, мұз үстіне тұз аралас құм сеуіп жатыр. Ал синоптиктердің болжауынша, сынап бағанасы 30 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

«Аяқ-қолдары сынған. Қазір рентген снимоктар істейміз, қараймыз, операция істейміз. Алдын ала анестезиолог қарайды. Наркоз бергенше, содан кейін операция жасалады. Күніне 5-6 адамға операция істейміз», - дейді травматолог-ортопед дәрігер Вали Бедешев.

Соңғы жаңалықтар