Петропавлда көп қабатты үйлердің аулаларында бейнебақылау орнатылмақ
«Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін «Қауіпсіз аула» бағдарламасының аясында Петропавлда ІІД-нің басшылығы көп қабатты үйлердің кіреберістері мен аулаларында бейнебақылау жүйесін орнату бастамасын алға тартты. Шараға облыс орталығының тұрғын үйлері ішінде бейнебақылау жүйесін ұсынған Алматы қаласынан келген «Қауіпсіз қала» фирмасының өкілдері қатысты», - делінген хабарламада. Олар мегаполис жағдайында кіреберістер мен аулалық аумақтарда апробацияланған бейнебақылау камераларын орнату жүйесінің ерекшеліктері туралы айтып берді. Оның техникалық мүмкіндіктері, бағасы және қызмет көрсету есебінің жүйесі туралы туындаған барлық сұрақтарға жауап берілді. Петропавл әкімі Марат Тасмағанбетов қалалық ПИК төрағаларының барлық тілектерін ескере отырып, аталған мәселені алдағы уақытта өтетін есеп беру кездесулерінің барысында талқылауға шығаруды уәде етті. Облыс орталығының аумағында орнатылған 74 бейнекамера көшелер мен қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алудың тетігі болып табылады.