03:10, 29 Наурыз 2015 | GMT +5
Петропавлда көркем гимнастикадан СҚО ашық біріншілігі басталды (ФОТО)
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда көркем гимнастикадан Солтүстік Қазақстан облысының ашық чемпионаты басталды. Оған Петропавл, Астана, Көкшетау, Степногор қалаларынан келген жалпы саны 114 спортшы қатысуда. Олар екі күн бойы жүлделі орындар үшін бақ таластырады.

«Облыстың ашық чемпионаты 29 наурыз күні мәреге жетеді. Бәсекеге 2008 жылғы және одан да үлкен спортшылар қатысып жатыр. Олар жекелей сында және топтық жаттығуларда бағын сынайды», - деді жарыстың бас төрешісі Гүлнәр Рамазанова ҚазАқпарат тілшісіне сұхбатында.
Жарыс жеңімпаздары медальдармен және алғыс хаттармен марапатталады.