Петропавлда көшеде алған жарақаттары салдарынан 5 жасар бүлдіршін көз жұмды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - 24 шілдеде Петропавлда көпқабатты үйлердің бірінің маңында тұрғындар ауыр жарақаттанған 5 жасар баланы тауып алды.
None
None

Олар баланы ата-анасына тапсырды, алайда жедел жәрдем келгенге дейін бала көз жұмды. Бұл туралы СҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Мәдина Балғашоқова хабарлады.

«24 шілдеде Петропавлда көпқабатты үйдің маңында 2010 жылы туған бала табылды. Оны отбасының таныстары тапқан. Пәтерге кіргізіп, жедел жәрдем шақыртқан. Алайда балақай қаза тапты. Оның денесінде жарақаттар болған. Қалай жарақаттанғаны анықталып жатыр. Бала өлімі фактісі бойынша ҚР ҚК 106-бабына сәйкес сот алдындағы тергеу амалдары жүргізілуде. Қазір бірқатар сараптама тағайындалды. Оқиғаның барлық нұсқалары тексеріліп жатыр», - деді М.Балғашоқова.

Соңғы жаңалықтар