Петропавлда көшеден әйелдің денесі табылды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Петропавлдағы Алтынсарин көшесінде бүгін 50 жастағы әйелдің денесі табылды. 

полиция
Фото: Наталья Зинченко/ Kazinform

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 наурыз күні полицияға көшеде әйелдің денесі табылғандығы туралы хабарлама түскен. Өлген адамның кім екенін тәртіп сақшылары анықтады. Қазіргі уақытта өлімге не себеп болғанын анықтау үшін мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сай айтылмады. 

Соңғы жаңалықтар