Петропавлда ҚР Премьер-Министрі «Ақ бота» бөбекжайында болды

ПЕТРОПАВЛ. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары ауқымында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Петропавлдағы 320 орындық «Ақ бота» бөбекжайында болды.
None
None

Бөбекжай үстіміздегі жылы іске қосылып, екі қабатты ғимаратта орналасқан.

Мектепке дейінгі мекемеде ән-күй және спорт залы, лингафон кабинеті, компьютер сыныбы мен бассейн бар.

Бөбекжайға барғанында Үкімет басшысы ол жерде тәрбиеленушілерге балаларға арналған пианиноны тарту етті.

Ұстаздық ұжым дамыта оқыту технологиясы бойынша жұмыс істейді. Ұстаздарының жалпы саны - 46, оның ішінде 34-і жоғары білімді, 12-сі орта білімі барлар.

Петропавл қаласында балалардың мектепке дейінгі мекемелеріне сұранысы 4 170 орынды құрап отыр. Үстіміздегі жылы «Балапан» бағдарламасы аясында бұл жерде 880 орындық үш мектепке дейінгі мекеме құрылысы аяқталмақ.

Соңғы жаңалықтар