Петропавлда ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Салт - дәстүр - 2011» атты III облыстық фестиваль өтті

1 желтоқсан. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Петропавлда ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған этномәдениет бірлестігінің «Салт - дәстүр - 2011» атты III облыстық фестиваль өтті. Бұл шараны Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұлттық-мәдени орталығы ұйымдастырып отыр.
None
None

Облыс әкімі Серік Біләлов өз сөзінде атап кеткендей, біздің қоғамымыздағы ұлт және конфессияаралық келісім егеменді Қазастанның негізі болып табылады

Облыс әкімі Президенттің жарлығымен «ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» мерейтойлық медальдарын жеті этномәдени бірлестігінің өкілдеріне табыс етті. Сондай-ақ үш этномәдени бірлестігінің өкілдеріне облыс әкімінің Құрмет грамоталары табысталды. Оған қоса тағы да бірнеше бірлестіктердің өкілдеріне өңір басшысының алғыс хаттары берілді.

Осы жерде «Салт - дәстүр - 2011» облыстық фестивалінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Тимирязев шығармашылық ұжымы фестивальдің жүлдегері атанды. Сонымен қатар «Қазақстан - біздің ортақ үйіміз» атты облыстық балалар сурет байқауының жеңімпаздары да марапатталды. Осы байқаудың жеңімпазы ретінде Уәлиханов ауданы өнер мектебінің тәрбиеленушісі Әлибек Мұханов үздік деп танылды.

Соңғы жаңалықтар