Петропавлда құбыр жарылып, көпқабатты үйлер, балабақша жылусыз қалды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Петропавлда жылу желісінде апат болып, жақын маңдағы көпқабатты үйлер жылудан ажыратылды.

құбыр
Фото: Анастасия Дроняк

Петропавлда жылу желісінің құбыры жарылып, ыстық су далаға ағып жатыр. Тұрғындардың айтуынша, жақын маңдағы жертөлелер де ыстық суға толған.  

жылу
Фото: Анастасия Дроняк

«Севказэнерго» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін «Петропавл жылу желілері» ЖШС Н.Назарбаев 154 және Егемен Қазақстан, 118 мекенжайларының маңында 200 мм жылу құбырының жарылғандығын анықтады.

құбыр
Фото: Анастасия Дроняк

Қазіргі уақытта авариялық бригада – 6 маман және 4 арнайы техника оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.

Жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін сол маңдағы тұрғын үйлер жылусыз отырмақ.

жылыту
Фото: Анастасия Дроняк

Жылу желісінен:

Жұмабаев көшесі, 116, 107, 109, 118,
Н.Назарбаев көшесі, 117, 136, 138, 154, 156, 156A, 158,132,134,130,
Егемен Қазақстан көшесі, 118 ,
Абай көшесі, 30, 34 , 40 , 31, 33, 35, 25 , 52, 52а, 25а, 33а,
Бостандық көшесі, 11, 13, 16 а,
Интернационал көшесі, 30 , 30 А ,32, 34
Пионер көшесі, 3,7,9,10, 20, 34,
Совет көшесі, 53, 54а,
Пушкин көшесі, 95 а мекенжайындағы үйлер ажыратылды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Василий Смирнов (@skopetro)

Яғни 28 көпқабатты тұрғын үй, 6 жеке үй, бір балабақша және 7 кеңсе жылусыз қалды.

Мамандардың айтуынша, қалпына келтіру жұмыстары кешкі сағат 20.00-ге дейін жоспарланған. 

жылу желісі
Фото: Анастасия Дроняк

 

Соңғы жаңалықтар