Петропавлда күмәнді пакет тұрғындарды дүрліктірді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлдағы «Қазақтелеком» ғимаратында табылған иесіз пакеттің салдарынан келушілер мен қызметкерлерді жаппай қауіпсіз жерге шығаруға тура келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавлда күмәнді пакет тұрғындарды дүрліктірді

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 102 -ге ғимараттың кірберісінде белгісіз қараусыз пакеттің жатқаны туралы қоңырау шалынған. Оқиға орнына «Қазақтелеком» қызметкерлерінің шақыртуымен Петропавл қалалық

Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы келіп, ғимараттан дереу келушілер мен қызметкерлерді шығарды.


Арнайы бөлініс қызметкерлері мен кинолог мамандар ғимаратты толық тексеріп шығып, қауіпті заттарды таппады. Ал күмән тудырған пакетті жарылғыш заттар бойынша инспектор-маман тексеріп, оның қауіпсіз

екендігін анықтады. Пакеттің ішінен телефон аппараты шықты.


«Бұл пакетті келушілердің бірі ұмытып кеткен болуы керек. Қазір мекеме қызметкерлері пакеттің иесін анықтау үшін бейнекамералардағы жазбаларды тексеріп жатыр», - дейді жедел-тергеу тобы құрамындағы кезекшілікте болған тергеуші Камила Макина.