Қазақстан құрамасының жүзушілері АҚШ-та өткен турнирде төрт медаль еншіледі
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан құрамасының жүзушілері АҚШ-та өткен турнирде төрт медаль еншіледі, деп хабарлайды ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті.
Спортшылар Фуллертон қаласында ұйымдастырылған жарыста сәтті өнер көрсетті.
Айбат Мырзамұратов екі жүлдеге қол жеткізді. Ол 100 метрге брасс әдісімен жүзуде (1:03.33) мәреге бірінші болып жетті. Сонымен қатар 50 метрге еркін стильде жүзуде (23.02) күміс медаль иеленді.
200 метрге кешенді жүзуде Даниил Чужинов (2:09.20) күміс жүлдегер атанды.
Артур Миронов 100 метрге брасс әдісімен жүзуде (1:03.76) үшінші орынға ие болды.
Осыған дейін Қазақстан хоккей құрамасы 2027 жылы әлем чемпионатын қай қалада өткізетіні туралы жаздық.