Петропавлда майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне арналған кітап жарыққа шықты (ФОТО)

«Бұл кітап ҰОС-қа қатысқан, тылда еңбек еткен солтүстікқазақстандықтарға арналды. Оның негізгі авторы Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Л. Власова. Жұмысқа облыстық мұрағат, мұражай, журналистер белсене қатысты. Кітап екі тілде жарық көрді. Сол кездегі жаһандық құрылыстар (ЖЭО-5, 5 көшірілген машина жасау зауыты) жайлы да әңгімелер бар».
«Есте сақтаймыз және құрмет тұтамыз» тарауы қалада қандай ескерткіштер бар, қай көшелер Батыр есімдерімен аталады, сол жайында баяндалады. Кітап жеңіс үшін айқасқан батырларға арналып жазылған. Петропавлдан қан майданға 26 мың адам аттанған болатын, - деді ҚР Журналистер одағының мүшесі Лариса Орловская.
Кітап 5 тараудан тұрады. Онда Ленинград, Мәскеу, Сталинградты қорғау жайлы айтылады. Таралымы - 1000 дана.