Петропавлда мемлекеттік қызметшілер арасында жүзуден сайыс өтті

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл қаласындағы «Дельфин» хауызында мемлекеттік қызметшілер арасында жүзуден жарыс өтті.
None
None

Судья Александр Труштың айтуынша, спорттық сайысқа облыстағы басқармалардан 40-қа жуық адам қатысты.

«Мемлекеттік қызметшілер арасында жүзуден жарыстар жыл сайын өткізіліп келеді. Оған ерлер де, әйелдер де қатысады. Биыл 37 адам бақ сынады. Ер адамдар 50 метр қашықтықтан өтсе, әйелдер 25 метрді еңсеріп, одан кейін эстафета тапсырды. Аталған шараның мақсаты - облыстағы қоғамдық спортты дамыту», - деді А.Труш. Жарыс қорытындысы бойынша, бірінші орынды қылмыстық-атқару жүйесінің өкілдері иеленсе, екінші орынға салық қызметінің өкілдері лайық деп танылды. Үшінші орынды әділет қызметкерлері иеленді.

Соңғы жаңалықтар