Петропавлда мысықтардың халықаралық көрмесі өтті

АСТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат - Петропавлда мысықтардың халықаралық көрмесі өтті. Шараға 80-ге жуық мысық қатысып, олардың 15 тұқымы көрсетілді. Арасында әлемде сирек кездесетіндері де бар.
None
None

Мысықтар тұрпатына, тектілігіне, жасына қарай бірнеше топқа бөлініп, өзара мықтысы анықталды. Айтып өтейік, төрт аяқтылардың барлығы күтіп бапталған. Сарапшылар үй жануарының тұқымына баса назар аударды. Ал әлем чемпионы атағына екі жасар америкалық мэйн кун мысығы лайықты деп танылды.

«Бұл - әлемдегі ең үлкен үй мысығы. Салмағы - 8,5 келі. Бірнеше көрмеге қатысып, жүлделі орындарға ие болдық. Осы жолы әлем чемпионы атандық. Өте қуаныштымын», - деді көрмеге қатысушы Ольга Бусыгина (Ресей). Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Соңғы жаңалықтар