Петропавлда Наурыз мерекесіне орай ұлттық тағамдар қойылған 25 метрлік дастархан жайылады

Туристiк саланы дамыту жоспарлары туралы кәсiпкерлiк және туризм басқармасының басшысы Евгений Глотов баяндады.
Ол маңызды бағыттардың бiрi ақпараттық-насихат жұмысы екенiн атап өттi. Бұл жұмыс «Облыстың 2016 жылғы туристiк әлеуетi туралы медиажоспары» аясында жүргiзiлуде.
Жақында Ресейдің Қорған қаласының «Бессонофф Трэвел» туристiк компаниясымен меморандум жасалды. Аталмыш компанияға жарнамалық материалдар жолданған. Бұл жарнамалық материалдар Қорған, Екатеринбург, Челябi және Түмен қалаларында орналасқан компанияның кеңселер желiсiне таратылатын болады.
Наурыз айының басында Берлин қаласында өткен көрмеде облыстың туристiк әлеуетi бойынша материалдар ұсынылды, дәл осындай көрме Мәскеу қаласында да өтедi.
Үстiмiздегi жылы арнайы көрме, «Қымыз Фест» фестивалiн, «Туризм аптасын» өткiзу жоспарланған.
Сондай-ақ, өңiрде автокөлiктiк туризмдi (караванинг) дамыту жоспарланған.
Наурыз мейрамын мерекелеудi ұйымдастыру туралы iшкi саясат басқармасының басшысы Жанат Сәдуақасов баяндады.
Ол мерекелiк күндерi Көңiлдiлер мен тапқырлар клубының облыстық «Наурыз кубогы» фестивалi өтедi, киiз үйлер байқауы, өңiрлiк ақындар айтысы, концерттер, спорттық сайыстар мен ұлттық ойындар өткiзiлетiнiн жеткiздi.
Орталық алаңда этноауыл ұйымдастырылады, Тәуелсiздiктiң 25 жылдығына орай облыстық Ассамблея ғимараты алдына көрме, ұлттық тағамдар қойылған ұзындығы 25 метрлік «Достық дастарханы» жайылады.
Жаңа әлеуметтiк маңызы бар нысандарды ашу жоспарланған.
«Жалпы мәдениет және бiлiм саласында 350-ден астам шара, спорт саласында 90-нан астам шара және қоғамдық маңызы бар 120-дан астам шараны ұйымдастыру жоспарланған», - дедi Жанат Сәдуақасов.