09:02, 18 Ақпан 2009 | GMT +5
Петропавлда «Нұр Отан» депутаттарының облыстық форумы өтті
ПЕТРОПАВЛ. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Кеше Петропавлда «Нұр Отан» партиясы депутаттарының облыстық форумы өтіп, онда әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында партия тұғырнамасын жүзеге асырудың мәселелері талқыланды,
![None None](/static/img/plug.webp)
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Форумды ашқан «Нұр Отанның» облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Серік Біләлов ағымдағы жылы ақпанның 12-сінде өткен партия Саяси кеңесі Бюросының кеңейтілген отырысында партия төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алға қойған міндеттерге тоқталып өтті. «Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев партияның алдына "экономикалық дағдарыстарға қарсы тұру үшін «Нұр Отан» партиясы бүгінгі күрделі экономикалық жағдайда еліміздің алдында тұрған әлеуметтік-экономикалық проблемалардың түйінін шешуге белсенді атсалысуы керек», деп міндет қойды. Бұл жұмыс өте маңызды, себебі бүгінгі қалыптасып отырған жағдай тек ресурстарды ғана емес, бүкіл қоғамды жұмылдыруды қажет етеді. Қаржы тұрақсыздығы мен халықтың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды азаматтар анық түсінулері керек», деді С.Біләлов өз сөзінде.Форумға қатысушылар солтүстікқазақстандарға үндеу қабылдап, партияның облыстық филиалы Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша әзірленіп отырған дағдарысқа қарсы бағдарламаны жүзеге асыруға белсенді атсалыспақ ниетін жеткізді.