Петропавлда облыс орталығының 72 жастағы тұрғыны телефон алаяқтарының құрбаны болды

ПЕТРОПАВЛ. 10 сәуір. ҚазАқпарат - Петропавл қаласында облыс орталығының 72 жастағы тұрғыны телефон алаяқтарының құрбаны болды,
None
None

деп хабарлайды СҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

Алаяқтар зейнеткер әйелге үй телефонына хабарласқан. Тұтқаны алған әйел «ана, ана, мен полициядамын», деген сөздерді естіген. Бұдан кейін тұтқаны басқа адам алып, өзін полиция қызметкерімін деп таныстырған ол, баласының адамды ұрып-соққаны үшін ұсталғанын айтты. Жалған полицей бұл мәселені бейбіт жолмен шешіп, жәбірленген азаматқа ақша төлеуді ұсынды.

Ақшалай сыйықы үшін ол қылмыстық істі қозғамай, баласын жіберуге уәде еткен. Бейтаныс адам екі ұялы телефонның балансын 70 мың теңгеге толтыруды талап еткен. Кейуана баласына өзі хабарласпақшы болғанда, телефон өшіп тұрды.

Шошыған зейнеткер әйел алаяқтың талаптарын орындап, қажетті ақшаны аударып берді. Баласын күте-күте шаршаған ол, бір сағаттан кейін полицияға хабарласып, кейін өзінің алаяқтардың құрбаны болғанын түсінді. Қазіргі уақытта полицейлер аталған қылмысты ашу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар