Петропавлда облыстық «Қызылжар» мешітінің 10 жылдығы атап өтілді (ФОТО)

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда «Қызылжар» облыстық мешітінің ашылуына 10 жыл толу ына арналған салтанатты шара болып өтті.
None
None

Бұл күні облыстық мешітте ондаған діндар солтүстікқазақстандық азамат жиналды. Мұсылмандарды мерейтоймен Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова құттықтады.

«Облыс әкімі Ерік Сұлтановтың атынан мешіттің ашылуының 10 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Бұл жастар рухани байытылатын, игі істер жасауды үйренетін жер. Сіздерге және отбасыларыңызға денсаулық, бақыт, бейбітшілік және молшылық тілеймін», - деп атап өтті өз сөзінде Анархан Дүйсенова.

Салтанатты шарада ғибадат ететін үйлерді салуға үлес қосқан солтүстікқазақстандықтар Алғыс хаттар мен мешіт бейнеленген естелік тиындары табысталды.

Соңғы жаңалықтар