19:55, 31 Шілде 2017 | GMT +5
Петропавлда оқ атқан күдіктілер ұсталды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл полицейлері бұзақылық әрекет жасады деген күдікпен облыс орталығының үш тұрғынын ұстады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу барысында екі жігіттің арасында жанжал туындап, оны шешуге екі жақ та өз таныстарын тартқаны анықталды .
«Ерегестің арты жанжалға ұласқан. Кейін төбелескендердің бірінің аяғына оқ тиген. ҚР ҚК 3-бабы, 99-бабының 2-бөлігі бойынша бойынша тергеу жүріп жатыр. Оқиғаға қатысы барлардың барлығы ұсталды. Облыс орталығының үш тұрғыны уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Тергеу нәтижесі бойынша белгіленген заңнамалық тәртіпте процессуалдық шешім қабылданды», - деді баспасөз қызметінде.
Тергеу СҚО ІІД мен облыстық прокуратура басшылығының бақылауында.