Петропавлда Отан қорғаушы күнін гүл қою рәсімімен және шерумен атап өтті

ПЕТРОПАВЛ. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Петропавлда Отан қорғаушы күнін мерекелеу қарсаңында 314-ші атқыштар дивизиясының жауынгерлер ескерткішіне салтанатты гүл қою рәсімі өтті.
None
None

Шараға қала әкімі Болат Жұмабеков, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, қоғам, кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдері, жоғары оқу орындарының және орта білім беретін мекемелердің студенттері, әскери құрылымның өкілдері қатысты.

 Күннің екінші жартысында облыс әкімінің орынбасары Айдарбек Сапаров Театр алаңында орналасқан Қарасай мен Ағынтай батырлардың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды.

 Мағжан Жұмабаев атындағы алаңда ҚР ІІМ Ішкі әскерлер әскери институтының әскери-үрмелі аспаптар оркестрінің қатысуымен Петропавл әскери гарнизонының шеруі өтті.

Соңғы жаңалықтар