Петропавлда полицейлер екі адамды қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні ұстады

ПЕТРОПАВЛ. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Петропавлда полицейлер екі адамды қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні ұстады,
None
None

деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

Жол полициясының кезекші бөліміне, Кутузов көшесіндегі үйдің қарсы бетінде Рабочий кентінің сыртындағы айналма жолдың бетінде ер азаматтың жатқаны туралы хабар келіп түседі. Көлік қағып кеткен ер азамат қалалық ауруханалардың біріне жеткізіледі. Ал оқиға орнынан 1 шақырымдай жерде 40 жастағы ер азаматтың денесі табылады. Оның жанында жол үстінде автомашина шынысы мен пластмасса сынықтары шашылып жатады.

Жол-көлік оқиғасы қараңғы түсіп қалған кезде болғандықтан, куәгерлер болмаған. Жедел-іздестіру бөлімінің қызметкерлері сынық фрагменттерімен жүргізілген арнайы зерттеудің нәтижесінде автомашинаның шамамен 1992-1993 жылдары шыққан бесінші сериялы БМВ көлігі болғанын анықтайды және осы модельді көліктің қожайындарының барлығын тексеріп шығады. Тек Қызылжар ауданы Березовка селосының тұрғынынан басқалардың барлығы өз көліктерін тексеруге көрсетеді. Ал әлгі 45 жастағы ер азаматтың айтуынша, ол осының алдында қалада болғанын, достарымын спирттік ішімдік ішкен соң, машинаны дәмхананың жанында қалдырғанын айтады. Екі тәулік бойы тергеушілерді әртүрлі әңгімелермен «тойдырған» ол, тіпті машинасын біреудің айдап кеткенін де мәлім етеді. Бірақ, ең соңында ол жол-көлік оқиғасы туралы мойындады.

Анықталғандай, ол айналма жолда кездейсоқ бір жаяу жүргіншіні қағып кетеді де, оқиға орнынан үлкен жылдамдықпен қашып бара жатып тағы бір адамды қағады және оған да медициналық көмек көрсетпей кетіп қалады. Көлігін жолдан алыстау жерге апарып жасырған әлгі жүргізуші, оны біреу айдап әкеткен сияқты етіп терезе шынысын сындарады, оталғышын бұзады.

Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, әлгі азамат абақтыға жабылды, тергеу жүргізіліп жатыр.

Былтыр Солтүстік Қазақстанда кінәлілер оқиға орнынан қашып кеткен және кісі өлімімен аяқталған 6 жол-көлік оқиғасы тіркелген, оның бесеуі бойынша кінәлілер қылмыстық жауапқа тартылған.

Соңғы жаңалықтар