Петропавлда полиция формасын киген әйел жазаланды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Петропавлда полиция қызметкерінің жилетін киген автобус кондукторы енді айыппұл төлейді.

Петропавлда полиция формасын киген әйел жазаланды
Фото: Астана әкімдігі

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының мәліметінше, маршруттық автобустардың бірінде кондуктор ішкі істер органдарының арнайы формасын, атап айтқанда «Жол патрульдік полициясы» жазуы бар жилетті киіп жүрген. 

Петропавл қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты істі қарап, Б.-ны кінәлі деп таныды. Әйелге 19660 теңге мөлшерінде айыппұл салды және полиция формасын - жилетті тәркіледі.

Қаулы бірден заңды күшіне енді. 

Бұған дейін Петропавлдағы жалғыз жағажайда демалушыларға жағдай жасалмағанын жазған едік. Демалыс орнында не дәрітхана, не душ істемейді. 

Соңғы жаңалықтар