Петропавлда «Президенттің жеңісі - мемлекет тұрақтылығының кепілі!» атты форумға 10 мың адам қатысты - ФОТО

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Петропавл қаласының Орталық алаңында «Президенттің жеңісі - мемлекет тұрақтылығының кепілі!» атты форум болып өтті.
None
None

Жиналғандарды СҚО әкімі Ерік Сұлтанов құттықтады.

«Құрметті солтүстікқазақстандықтар, қымбатты жерлестер! Орталық сайлау комиссиясының төрағасы ҚР Президенті сайлауының қорытындыларын жариялады. ҚР Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Барлықтарыңызды бұл жеңіспен құттықтаймын! Бұл оқиға - халықтың өз көшбасшысы Н.Назарбаевқа білдірген жоғары сенімінің нәтижесі. Бұл күн тарихқа барлық қазақстандықтардың бірлесіп таңдау жасаған күні ретінде кіреді. Біздің облысымыз жоғары азаматтық белсенділікті танытты. Солтүстікқазақстандықтар іс жүзінде біздің Президентіміздің жақтаушылары болып табылатынын дәлелдеді. Біз Қазақстандағы бірлік, тұрақтылық және гүлдену үшін дауыс бердік. Бүгін Президентіміз, еліміз үшін ұлттық мақтаныш күні. Біздің болашағымыз - бұл «Нұрлы жол» және «Мәңгілік ел»», - деп атап өтті өз сөзінде аймақ басшысы.

Форум кезінде арасында облыс пен қаланың аға буын өкілдері, жастар, шығармашылық интеллигенция өкілдері, еңбек ұжымдарынан құралған барлығы 10 мыңнан астам солтүстікқазақстандық азамат қатысқан көлемді мерекелік шеру өтті.

Шараның соңында мыңдаған солтүстікқазақстандық азамат аспанға сары және көгілдір түсті шарларды ұшырды.

Соңғы жаңалықтар