14:58, 19 Маусым 2010 | GMT +5
Петропавлда С.Мұқанов атындағы Қазақ музыкалық драма театрының он жылдығы атап өтілді
ПЕТРОПАВЛ. Маусымның 19-ы. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Петропавлдағы С.Мұқанов атындағы Қазақ музыкалық драма театрында ұжымның 10 жылдық мерейтойы салтанатты түрде атап өтілді.

Театр ұжымын құттықтау үшін СҚО әкімі Серік Біләлов, кәсіпорындар мен мекеме өкілдері, өнер мен мәдениет қайраткерлері және көптеген көрермендер келді.
Өзінің алғы сөзінде аймақ әкімі: «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осы театрды ашып, бұл ұжымның қазақ тілі мен ұлттық мәдениетіміздің дамуына айтарлықтай үлес қосатынына сенім білдірген болатын. Осы жылдар ішінде театр көптеген жетістіктерге жетті», - деп атап өтті.
Ондаған актерларға облыс әкімі пәтер кілттерін табыстады, қызметкерлердің бірқатары ҚР Мәдениет министрлігінің Құрмет грамоталары, дипломдары, бағалы сыйлықтарымен марапатталды.