Петропавлда С.Мұқановтың «Құрттың дәмі» кітабы жарық көрді (ФОТО)

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда «Солтүстік Қазақстан» басылымында солтүстікқазақстандық журналист Серік Мұқановтың «Құрттың дәмі» кітабы жарыққа шықты. Оған автордың түрлі жылдардағы шынайы өмірден алынған әңгімелері, эсселері мен очерктері енді.
None
None

Автор белгілі тұлғалармен кездесуі туралы, өзінің әріптес-журналистері туралы жазған. Өз әсерімен бөлісіп, тарихты еске алып, туған елге деген махаббаты туралы ой толғайды.

Автордың Бауыржан Момышұлы, Әбдірахман Әйтиев, Мағжан Жұмабаев, Георгий Маленков және т.б. туралы очерктері қызығушылық тудырады.

«Құрттың дәмі», «Ерулік», «Ескі ат қорасының құпиясы», «Тоқал» және басқа да эсселері лирикалық тұрғыда жазылған. Аштықтан құтқарған қазақтардың құрттарының дәмі елімізге қоныс аударған Кавказ, Поволжье және Қырым халқының аға буын өкілдерінің мәңгі есінде қалмақ.

Мамлют аудандық кітапханасында өткен кітаптың алғашқы таныстырылымында кітапқа қатысты жылы сөздер көп болды. Туынды қалың көпшілікке арналған.

Соңғы жаңалықтар