Петропавлда шамамен жарты миллиард теңгенің мүлкі заңдастырылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - 1 қыркүйектен бастап бүгінгі күнге дейін петропавлдықтар жалпы құны 495 млн. теңге болатын мүлікті заңдастырды.
None
None

«Өткен жылдың 1 қыркүйегінен 176 солтүстікқазақстандықтан өтініш келіп түсті. Олардың 76-сы қанағаттандырылды. 16 петропавлдық жалпы құны 249 млн. теңгені құрайтын коммерциялық нысандары заңдастырды», - деді Петропавл қласы бойынша мүлікті жария ету комиссиясының хатшысы Қанат Барқытов.

46 петропавлдықтың өтініш қабылданбады, тағы 53 өтініш құжаттарының талапқа сай болмағандығынан қайтарылған. 5 өтініш қаралуда. Биылғы жылдың басынан мүлікті жария ету комиссиясы штаттық режімде жұмыс істеуде. Қала тұрғындарынан 7 өтініш түсіп үлгерді. Өтінішті қарастыру үрдісі шамамен 30 күнге созылады. Мүлікті жария ету комиссиясының көмегіне 2015 жылдың 30 қарашасына дейін жүгінуге болады.

Соңғы жаңалықтар