Петропавлда су беру тоқтап қалды

су жоқ
Фото: Kazinform

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Петропавлда екі сағаттан бері су жоқ. Тұрғындар мұны тасқын сумен байланыстырып, дүкендерден бөтелкедегі суларды көптеп алып жатыр. Сумен қамтушы компания өкілдері жағдайға байланысты тек екі сағаттан кейін ғана ақпарат берді. 

«Бүгін сағат 9:55-те бірінші көтергіш сорғы станциясында электр энергиясы апаттық жағдайда сөнді. Қазіргі уақытта мұнда электрмен қамтушы компания қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сорғы станциясына электр қуаты берілісімен-ақ, Петропавлды сумен қамту қалпына келеді. Барлық әлеуметтік нысандарға суды жеткізіп береміз. 
Облыс орталығының тұрғындарынан дүрбелеңге салынбауды сұраймыз. Тек ресми ақпаратқа ғана сеніңіздер», - деді «Қызылжар су» ЖШС атқарушы директоры.

Бұған дейін Петропавлда Есіл өзенінің суы тасып жатқанын айтқан едік

Соңғы жаңалықтар