Петропавлда тәртіп сақшылары жаңа режимге ауыстырылды
Полицейлік нарядтарды ауыстыруды облыстық ІІД бастығы, генерал-майор Берік Біләлов жүргізді.
Петропавлда тәртіп сақтау шараларын полицияның кешенді күштері қамтамасыз етеді. Жергілікті полиция қызметі, қалалық және облыстық полиция ведомстволары аппаратының қызметкерлері, жекеменшік күзет агенттіктерінің өкілдері мен Ұлттық гвардияның әскери қызметшілері қаланы күнделікті патрульдеуге кіріседі. Полиция ведомствосының басшысы әр жасақтың дайындығын, жолкезу бағыттары мен құжаттарды тексерді.
Енді жаяу және авто патрульдерді полиция офицерлері басқармақ және олар ойын-сауық орталықтарына, көңіл көтеру, білім беру мекемелеріне жақын орналасатын болады.
«Жұмыс үш мезгілді режимде ұйымдастырылады. Күнделікті қызметті ұйымдастыру ІІД бастығы орынбасарларының жеке жауапкерлшілігіне жүктеледі. Жекеменшік күзет агенттіктері қызметкерлерінің бағыттарын реттеу жаңа өзгерістердің маңызды бөлігі болды. Олар қаланың тұрмыспен қамтитын стратегиялық нысандарының маңында патрульдеуді іске асырмақ», - деп атап өтті полиция ведомствосының баспасөз қызметі.
Берік Біләлов патрульдердің бейнежетондарының қызметі мен дұрыстығын жеке өзі тексерді. Ауысым барысында олар әрбір құқық бұзушылықты, көлікті тоқтату және т.б. жағдайларды уақытына сай жазып отырулары қажет.
Жеке құрам бойынша комендаттық бақылауды күшейту тәртіпті ұстаудың маңызды факторы. Коменданттық патруль құрамына кіретін қызметкерлерге қаланың көңіл көтеретін мекемелерін тексеру жөнінде тапсырмалар берілген.