Петропавлда тіл академиясы ашылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда тіл академиясы ашылды. Мұндағы ұстаздар жасына қарамастан, тілді үйренуге ниет білдірген барлық жандарды оқытады.
None
None

«Академия қызметі «ҚР тіл туралы» заңын жүзеге асыруға бағытталады. Бұл қазақ тілінің ғана емес, шет тілдерінің де мектебі. Мұнда «Алақай» атты балалар орталығы да жұмыс жасайды. Шет тілі мектебінде ағылшын, неміс, түрік тілдері оқытылады», - дейді «Қызылжар» қосымша білім беру және қызмет көрсету орталығы» ЖШС директорының орынбасары Үмітжан Шынтемірова. Сонымен қатар академия АҚШ, Англия, Кипр, Канада, Франция, Түркия елдеріне тіл үйрену курстарына баруды ұйымдастырмақ.

Соңғы жаңалықтар