12:14, 19 Ақпан 2009 | GMT +5
Петропавлда Төтенше жағдайлар министрлігінің аймақтық спартакиадасы өтті
ПЕТРОПАВЛ. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Петропавлда Төтенше жағдайлар министрлігінің аймақтық спартакиадасы өтіп оған ведомствоның орталық аппаратынан, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарынан, Астана қаласының Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінен құтқарушылар қатысты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Жарыс бағдарламасына шахмат, үстел теннисі, мини-футбол, волейбол ойындары, шаңғы жарысы енгізілді. Екі күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша жүлдегерлер анықталып отыр. Атап айтар болсақ, командалық есепте Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар ведомствосының құрамасы спартакиада жеңімпазы атанса, күміс жүлде - Қостанай облысының құтқарушыларына бұйырды. Ал Ақмола облысының өкілдері қола жүлдені қанағат тұтты.