Петропавлда үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 417 миллион теңгеден астам сомаға үш жоба жүзеге асырылды

ПЕТРОПАВЛ. 14 қаңтар. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Петропавлда өткен жылы 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында 417 миллион теңгеден астам сомаға үш жоба жүзеге асырылды.
None
None

«ЗИКСТО» АҚ-ында құны 127 млн. теңгелік астық тасуға арналған жабық вагон-хоппердің жаңашыл моделі жасалып, енгізілді. Құны 108 млн. теңгеден асатын мамандандырылған платформаның өндірісі қолға алынды.

2011 жылы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы үшін кем дегенде 200 астық тасығыш пен 100 контейнер тасығышты жасап шығару жоспарланып отыр. Индустрияландыру картасына құны сәйкестендіргенде 598 және 340 миллион теңге болатын жүк вагондары мен цемент таситын вагондардың жаңашыл арбасын жасау жөніндегі жобаны қосу жұмыстары жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар