11:23, 10 Қазан 2013 | GMT +5
Петропавлда үй өртеніп, 2 сәби көз жұмды
АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында тұғын үйдің екінші қабатындағы пәтерден өрт шықты. Салдарынан 2 бала қаза тауып, тағы екі бала мен 1 әйел уланып, ауруханаға түсті, деп хабарлады ҚР ТЖМ.

Тілсіз жаумен өрт сөндірушілер бір жарым сағат бойы арпалысты. Оны ауыздықтауға ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облысы өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 12 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды. Жалын 18 шаршы метр жерді шарпыды.
Оқиға орнынан 2009 және 2011 жылы туған екі баланың мәйіті табылды. Түтін иісіне уланған 1961 жылы туған әйел мен оның 2008 және 2012 жылғы екі баласы ауруханаға жеткізілді.