Петропавлда жасы жетпістен асқан зейнеткер университетте білім алмақ

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Петропавл тұрғыны, зейнеткер Нурия Бикметова жергілікті университетке құжаттарын тапсырып, оқуға түсті.

Петропавлда жасы жетпістен асқан зейнеткер университетте білім алмақ
Фото: Қозыбаев университеті

Ол күндізгі бөлімде ақылы түрде оқып, көп жылдар бойы армандаған заңгер мамандығын меңгеріп шықпақ. 

- Мен адамдарға көмектескенді жақсы көремін. Қазір кәсіби медиатормын. 2021 жылы оқуын оқып, сертификатын алдым. Білімімді толықтырып, Қазақстан заңдарын біліп, оны іс жүзінде қолданғым келеді. Жоғары білім алу бұрыннан ойымда жүргенімен, енді ғана сәті түсіп жатыр, - дейді Нурия Бикметова.

Петропавлда жасы жетпістен асқан зейнеткер университетте білім алмақ
Фото: Қозыбаев университеті

Әйел адамның жоғары саяси білімі бар, Мәскеудің психология институтын және Петропавлдағы экономикалық колледжді тәмамдаған. Киров атындағы зауытта 18 жыл жұмыс істеді, кейін жылу желілері кәсіпорнында еңбек етті. 

Қазір қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, әлеуметтік мәселелердің шешілуіне атсалысып жүр.

Петропавлда жасы жетпістен асқан зейнеткер университетте білім алмақ
Фото: Қозыбаев университеті

- Әкімдікке қайта-қайта барып жүріп, екі көшенің және тротуардың жөнделуіне, үйіміздің шатырын ауыстыруға себепші болдым, - дейді зейнеткер. 

Нурия Бикметова дәрістерді қалдырмай, бар ынтасымен білім алмақ.

- Маған жасыма байланысты ешқандай жеңілдік керек жоқ. Мен құжат үшін емес, білу үшін оқимын. Сол себепті сабақты қалдырмай, ыждағатты студент болмақпын, - дейді Нурия Бикметова.

Бұған дейін СҚО-да мыңға жуық ұстаздың орны бос тұрғанын жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар