Петропавлда жазасын өтеушілер арасында мұз мүсіндерінің байқауы өтті (ФОТО)

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда ЕС 164/3 түзету мекемесінде жазасын өтеушілер арасында мұз мүсіндерінің байқауы өтті.«Түзету мекемемізде «Қыс шабыты» байқауы өтіп жатыр. Жазасын өтеушілер қардан мүсіндер, қабырға газетін дайындап, өлеңдер жаттады. Қазылар алқасы қатарында Петропавлдың түрлі мекемелерінің өкілдері болды. Байқау нәтижесі бойынша жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады. Алда көптеген спорттық шаралар да өтеді», - деді ЕС 164/3 түзету мекемесі бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Айқын Баженов.
None
None

Байқау қорытындысы бойынша бірінші жасақ өкілдері жасаған мүсіндер үздік деп танылды.

Соңғы жаңалықтар