Петропавлда жеңгетайлықпен айналысқан 8 адам ұсталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Петропавлда жеңгетайлықпен айналысқан 8 адамнан тұратын ұйымдасқан топтың қылмыстық әрекетіне тоқсауыл қойылды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Өтен аптада ел аумағында адам саудасы, жеңгетайлық және жұмысқа жегу мақсатында бас бостандығынан айыру саласындағы қылмыстарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған «STOP трафик» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Операция барысында жалдамалы баспаналар, көңіл көтеру орындары, моншалар мен сауналар, қонақ үйлер вокзал маңындағы алаңдар мен өзге де нысандар тексерілді. 3 күннің ішінде 56 қылмыс, оның ішінде жұмысқа жегу мақсатында заңсызбас бостандығынан айырудың - 2, адам саудасының - 2 және кәмелетке толмағандарды саудалаудың 2 фактісі анықталды», - деді ол.
Нұрділдә Ораздың дерегінше, мұнан бөлек жезекшелікпен айналысудың 7 фактісі, оның ішінде 1 кәмелетке толмаған қыздың әрекеті әшкереленді.
«Жезекшөлікпен және жеңгетайлықпен айналысу үшін үй-жайды әдейі берудің 20 және қоғамдық орында қылмыңдаудың 423 фактісі анықталды. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкерлері Петропавлда бірнеше саунаны жезекшөлікпен айналысу үшін жалға алып, жеңгетайлықпен айналысқан 8 адамнан тұратын ұйымдасқан топтың қылмыстық әрекетіне тоқсауыл қойды», - деді ресми өкіл.