Петропавлда жеңіл көлік екі адамды қағып кетті

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда жеңіл көлік жолаушылар жолағымен өтпек болған екі адамды соқты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.⠀⠀
None
None

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Петропавлдағы Қизатов көшесінің бойында болған. «Audi B3» автокөлігінің 44 жастағы жүргізушісі «Volkswagen Passat» көлігімен соқтығысып, рульге ие бола алмай қалған. Салдарынан жолаушылар жолағымен өтіп бара жатқан екі адамды қағып кетті.


Зардап шеккендер аман, алайда оларға медициналық көмек қажет болды. Жедел жәрдем қызметі бірден қаладағы емдеу мекемесіне жеткізді. Диагноз қойылғаннан кейін жігіттердің бірі үйіне жіберілді, екінші ер адам ауруханаға жатқызылды. ⠀⠀

Медициналық сараптама екі көлік жүргізушісінің де спирттік ішімдік ішпегенін көрсетті.

Жол-көлік оқиғасына қатысты материал жиналды және істің мән-жайын анықтап, процессуалдық шешім шығару үшін Петропавл қалалық полиция басқармасының әкімшілік полиция бөліміне жіберілді.

Бұған дейін Алматы-Өскемен тас жолында көлік аударылып, үш адамның мерт болғанын хабарлаған едік. Қаза тапқан 12 жастағы қыз оқиға орнында жан тапсырса, көлік жүргізушісі мен бір жасар сәби ауруханада көз жұмды.


Соңғы жаңалықтар