Петропавлда ЖЭО-2-нің жаңа турбогенераторы жылына қосымша 320 млн. кВт/сағат электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді

ПЕТРОПАВЛ. 20 ақпан. ҚазАқпарат - Петропавлдың 2-ші Жылу электр орталығында (ЖЭО-2) инвестициялық бағдарламаның аясында өткен жылдың қаңтар айында басталған
None
None

№8 қазандық агрегатын қайта жөндеу және № 4 турбогенераторын монтаждау жұмыстары жалғастырылуда, деп хабарлады «Солтүстікқазэнерго» АҚ-ның жұртшылықпен байланыс бөлімінен.

Бүгінде жаңа қазандықты жаңғырту бойынша жұмыстар 60 пайызға орындалды. Ол үшін қажетті жабдықтар ЖЭО-2-ге 80 пайыз көлемінде келіп түсті. Қазандық агрегатында қазандық қаңқаларының іргетастарын, қаңқаның өзін, буды ысыту құрылғыларының, 1-ші және 2-ші сатыдағы су экономайзерлерін, конденсаторлар мен кубтарды монтаждау бойынша жұмыстар толық көлемде орындалды.

Өткізіліп отырған жөндеу шараларының арқасында қазандық агрегатының қуаттылығы 220 т/сағаттан 270 т/сағатқа дейін көбейеді. Қазандықтың жаңартылуы бекітілген кесте бойынша жүргізіліп, 2013 жылдың 1 қазанында аяқталады. Жөндеу науқанының бағасы 5,9 млрд.-тан астам теңгені құрайды.

Соңғы жаңалықтар