Петропавлда жолдарды жөндеу жұмыстары қарқын алуда

Атап атйқанда, «СУ-808» кәсіпорнының мамандары жолдарды асфальттауға кірісті. Жолдың 90 мың шаршы метр аумағын жөндеуден өткізуді жоспарлауда.
Орталық көшелердің бірі - Интернациональная жартылай жабылды. Жолдың көліктердің ағыны жоғары Астана көшесінен Әуезов көшесіне дейінгі бөлігі қоқыстан тазартылып, жол төсемі тегістелді. Қазір битум төсеу жұмыстары жүргізілуде.
СУ-808» ЖШС-нің директоры Виктор Лидің айтуынша, жол жиектеріндегі тастарды жартылай ауыстыру және 99 құдықты жөндеу жоспарланған. Шамамен 10 мың тонна асфальтты бетон төселеді. Көшені 22 жұмыс күнінің ішінде жөндеп шығу көзделуде.
Биыл жөндеу жұмыстарына қалалық бюджеттен 282 миллион 689 мың теңге бөлінді. «Петропавлдың алты көшесін жөндеуден өткізу жоспарлануда. Барлығы ауа райына байланысты», - дейді Виктор Ли.
Жөндеу жұмыстарының қарқыны көбінесе ауа райы жағдайына байланысты. Барлық қажетті материалдар сатып алынды.